Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Австралиядағы қызғылт түсті көлдің құпиясын ашты (видео)

YouTube порталында ашылған шоудың арқасында, ғалымдар Австралияның батысында орналасқан көлдің неліктен қызғылт түске боялатыны туралы құпияны ашты.

Безымянный

Бұл туралы reactor.inform.kz сайты хабарлайды.

2013 жылы YouTube порталының SciShow каналы шығарылымдарының бірін Австралиядағы Хиллиер көліне арнаған болатын. Бұл тұзды көл өзінің қызғылт түсімен танымал. Сол кезде көл түсінің неге қызғылт екеніне қатысты нақты жауап табылмаған.

Үш жыл өткенде SciShow жүргізушісі Хэнк Грин көлдің жұмбағы шешілгенін айтты. Микробиолог Кен Макграф шоу бағдарламасын көріп, аталған тақырыпқа бас қатырған.

“Мен бұл тамаша табиғи орын туралы естіп, онда барғым келді. Әрине, көл орналасқан аумаққа бару құны өте қымбат тұрды. Әйтсе де мақсатқа жету үшін бұл кедергі болмады”, – дейді Кен Макграф.

Макграф eXtreme Microbiome Project зерттеу жобасы өкілдерімен байланысып, солар арқылы көлге зерттеу жүргізуге үкімет шешімін алады. Гриннің сөзінше, ғалымдар бұрын болжағанжай мұнда қызыл түсті балдырлар бар.

Зерттеушілер көлден Dechloromonas Aromatica бактериясын тапқан. Бұл бактерия химиялық қосылыстарды жоя алатын күшке ие. Ғалымдар бұл көлдегі бактериялар түсі 1990 жылдардың бас кезіндегі былғары өнеркәсібі үшін пайдаланылған болуы мүмкін дейді.

Талқылау