Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әуеде ұшудың тағы бір қауіптілігін айтты

Психологтар 754 ұшқышты ұшу кезінде орын алатын әр түрлі төтеншежағдайларда тексеріп көрді. Қолайсыз ауа-райы кезінде ұшу ұшқыштың ақпаратты қалай қабылдап, ойлау жүйесіне тікелей байланысты.

xw_1076922 (1)

Сурет: www.vesti.ru 

Ұшқыштарға ұшу кезінде ауа-райының жақсы екенін айтқанда, олар оны жақсы қабылдап, көңілді отырған. Ал, ауа-райының қолайсыз екенін айтқанда, шынында ауа-райын қолайсыз екен деп қабылдаған. Алайда, екі жағдайда да бірдей ауа-райы болған.

Яғни, ұшқыштар төтенше жағдайда алдымен айтылған ақпаратқа байланысты шешім қабылдайды. Олар оптимистік бағалау мен жұбату сөздерге көп сенеді. Соған қарап тәуекелге барып, қауіпті болса да ұшақты қондыруға немесе әуеде ұша тұруға бел байлайды.

Тек бірен-саран ғана ұшқыштардың бұлай ойламайтыны анықталған. Қалған көпшілігі психологтардың нәтижесін тыңдағанмен де қауіпті шешіп қабылдауларын доғармаған.

Талқылау