Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар асқан тазалықпен жүрудің адам ағзасына зиянды екенін айтады

Біз үнемі қолымызды сабындап жуамыз. Әр күні таза киім киеміз. Және душ астында ұзақ тұрамыз. Бірақ, оның денсаулыққа пайдалы не зиян екенін білеміз бе? Ғалымдар шектен шыққан тазалықтың өзі астма мен аллергиялық ауруларға шалдығуға әкеп соғатынын айтады.

shower
Мәселен, күнде таңертен, болмаса, күнара душқа түсеміз. Апта сайын төсек қабымызды ауыстырамыз. Кол орамалымызды апта сайын немесе кірлей бастағанда жуып қоюға тырысамыз. Тазалықты қатал сақтайтын заманда тұрып жатырмыз. Сабындарымыз түрлі бактерияларға қарсы. Тазалық заттарымыз 99,9% дейін микробарды өлтіруге көмектеседі.

Алайда, кей ғалымдар шектен шыққан тазалықтың өзі астма мен аллергиялық ауруларға шалдығуға әкеп соғады дейді. Сонда тазалықтың қандай зияны болуы мүмкін дейсіз ғой? Адамзат шектен тыс таза болуға әдеттенді. Алайда мұның өзі адам денсаулығына зиян келтіреді екен. алымдардың зерттеуі ша микробтардың бәрі бірдей зиянды емес екен. Олардың ішінде зияны да, тіпті адамды өлтіруге дейін баратын микробтар да және адам денсаулығына пайдалы микроптар да болатын көрінеді. олар асқазанға қажетті витаминдер түзіп, микроорганизмді қорғайды. Және асқорыту жағдайын жақсартады екен.

Адамның ағзасын қол жуған секілді қай-қайта жуа беруге тәуелді емес. Ағза тері арқылы органикалық заттарды бөледі. Жердегі жарты оттегін бөліп шығарады деуге болады. Және ауадағы азоттың тұрақтандырып, Жердің табиғилануына әсер етеді. 1989 жылы британ эпидемиологі Дэвид Стрэкан алғаш рет, бала кезінде асқынып ауырған мүше үлкейген шақта оның аллергиялқ ауруларға дес бермеуіне себепші болатынын айтқан. Бұл концепция ғылымда “Гигиеналық гипотеза” деген атауға ие болды. Аллергия – бұл иммун тапшылығының жетіспеуі салдарынан туындайды. Әсіресе, қорғансыз күйде қалған ағзада өмірге қауіпті қатерлі аурулар туындайды.

Егер баланың емізігі жерге түсіп кетсе, не істеу керек?
Ғалымдардың айтуынша, оны анасы аузымен жалаған соң қайта баласына бер керек екен. Өйткені, емізіктің басқасын берсе, ол балаға аллергиялық әсер туындатуы мүмкін. Спортпен арнайы залда айналысқаннан гөрі көшеде айналысқан әлдеқайда пайдалы. Көшеде жүрген иттерді де даланы ластайды деп сөккенімізбен, олардың да адам ағзасындағы микробиоттардың түзіліп, аллергияның алдын алуына көмектеседі екен. алйда адам ағзасында қандай да бір бактерияның жоқтығынан ауру пайда болады деген нақты дәлелдер жоқ.

Руктың айтынша, қазіргі техника мен сараптама арқылы оны дәлелдеу мүмкін емес. Болашақта айғақтар келтіріле жатар. Becker мектебінің мұғалімі, микробиолог Мэри Рюбуш та осы айтылғандармен толықтай келісіп, кейбір микробтардың жоқтығы салдарынан, аутизм, аллергия, көңіл-күй және жүйке жүйесі ауруына шалдықтыру мүмкін екенін айтады. амандар қолды сабындап жүрген соң, ұзақ жүру емес, жиі жуу керегін айтады. Қолдың барлық терісіне сабын тигізіп 15 секундай жуу керек, сосын кептіру керек. Алайда, душка күнделікті түсуді әдетке айналдырмау керек. Өйткені, аңзадағы қажетті бактериаларды жойып жібересіз. Ал, іш киіміңізді күнделікті таза ұстауға дағдыланған жөн. Сондай-ақ, жатар орныңызды, үй ішін апта сайын ғана емес, жиі-жиі тазалаған дұрыс. Мәселен, сіз көкөніс тураған тақтайыңызды тамақтан соң да жууыңызға болады, бірақ, ет пен балық тураған тақтайды тез арада жуып тастамаса, одан ағзаға зиянды бактериалар тез тарайды. 70 пайызға жуық құстардың осындай микроб салдарынан ауру туғызатыны белгілі.

Зерттеу бойынша, жұқпалы аурухана бөліміндегі бет-қол орамалдары арқылы аурудың тез тарайтыны анықталған. Дәретханада дәрет орынының қақпағын су ағызбас бұрын жабатындар аз. Негізі жапқан дұрыс. Мүмкіндігінше ортақ орамалмен сүртінбек керек. Және апта сайын төсек қабы мен орамалды жуып қою керек. Әсіресе, ылғыл орамалмен сүртінуге мүлде болмайды.Душтағы сүрткіштеріңізді қолданған сайын жуып тұрыңыз. Олай мүмкін болмаса, кептіріп қоюға тырысыңыз. Әдетте дастарханға қояр ыдыстарыңызды орамалмен сүрту кезінде, сіз олардың бәріне бірдей бактерия аратып бересіз. Оның орнына ыдысты арнайы ұнтақтармен жуып шыққан жөн.Пижама – ағзадағы бактериялардың тууына көп әсер етушінің бірі. Әдетте адамдар оны жуу керектігін иісіне қарап ажыратып жатады. Пижамаларды кем дегенде аптасына бир рет жууға кеңес береді.Балаларыңызға үйден гөрі сыртта ойнауға мүмкіндік берңіз. Тіпті мүмкін болмаса, газондар мен өсімдіктерді қырқып тұрыңыз.

Қорыта, айтатын болсақ, бала қатты тазалықта өскен сайын аллергиялық ауруларға тез ұшырайтын болады. Адам жеңіл аурудан айыққан сайын, ағзасы күшейе береді. Дәрі-дәрмекті қолданған сайын ағзаның әлсірей береді.

Талқылау