Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар арықтау үшін қашан тамақтану керектігін анықтады

Таңғы асты кеш, ал кешкі асты ерте ішу артық салмақтан арылуға көмектеседі. бұл туралы Ұлыбританиядағы Скррей университетінің ғалымдары мәлімдеді.

Ғалымдар арықтау үшін қашан тамақтану керектігін анықтады

Бұл туралы EurekAlert басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тәжірибеге 29-57 жас аралығындағы 16 адам қатысқан. Олар дәсүрлі тамақтану салтын ұстанып, өздеріне қатаң шектеу қоймаған. Ал қатысушылардың 9-ы таңғы асты өзгелерден 1,5 сағатқа кеш, кешкі асты 1,5 сағатқа ерте ішкен.

Нәтижесінде тамақтану уақытын өзгерткен адамдар дәстүрлі кесте бойынша тамақтанғандарға қарағанда 2 есе артық салмақ тастаған. Сонымен қатар алғашқы топтағылар тәбетінің төмендеп, күні бойы тіскебасарды аз жейтінін айтқан.

«Бұл қатысушылардан байқағанымыздай, мұндай тамақтану тәртібі отбасылық және әлеуметтік өмірмен сәйкес келе бермеуі мүмкін. Алайда соған ұмтылу керек. Себебі мұндай емдәмнің пайдасы мол екені анық», – дейді доктор Джонатан Джонстон.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау