Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар артық салмақтың пайдасын дәлелдеді

Қандай да бір жұқпалы аурумен ауруханаға түскен артық салмақты науқастарда дене бітімі қалыпты адамдарға қарағанда аман қалу мүмкіндігі екі есе көп.

Ғалымдар артық салмақтың пайдасын дәлелдеді

Бұл туралы The Independen хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дәрігерлер 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі шұғыл медициналық немесе хирургиялық процедуралармен ауруханаға жатқызылған 18 мыңнан астам науқастың деректерін зерттеді. Олар қайтыс болған жағдайларды 90 күннен кейін зерттеп, толық науқастарда қалыпты салмақтағы науқастарға қарағанда өлімнің ықтималдығы 40 пайызға төмен екендігін анықтады. Айта кету керек, семіздіктен зардап шегетіндердің көрсеткіші 50 пайызға жеткен.

Бұл үрдіс темекі шегу, соңғы уақыттағы салмақтың өзгеруі немесе басқа аурулардың болуы сияқты әртүрлі факторлармен бірге сақталды.

Зерттеу тобының жетекшісі, Орхус университетінің жанынан ашылған клиникалық эпидемиология бөлімінің дәрігері Сигрид Грибсхольт оның себебі, толық науқастарда қауіпті ауру кезінде пайдалы болуы мүмкін, артық энергияда деп отыр.

Сонымен қатар, Грибсхольт семіздік өткір аурулар кезінде пайдалы болуы мүмкін иммундық жүйенің созылмалы ынталандыруымен байланысты деп атап өтті.

Сондай-ақ, ғалымдар жариялаған мақалада Тайбей медициналық университеті мен Техас штатындағы Джон Питер Смит ауруханасының дәрігерлері жүргізген зерттеулерден деректер келтірілген. Ғалымдар артық салмақты науқастардың дене бітімі қалыпты адамдарға қарағанда пневмония мен сепсис ауруларын аман-есен өткеру мүмкіндігі 29% және 22% жоғары екенін анықтады.

Талқылау