Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Алма адам өмірін бірнеше жылға ұзартады

Әйелдерге арналған WomanEl онлайн-журналы ғалымдардың алма жеу өмір ұзартады деген тұжырымын жариялады. Сарапшылар тамақтану рационында алманың ұдайы болуы ағзаны жасартып, адам өмірін 17 жылға ұзартатынына сенімді.

Ғалымдар: Алма адам өмірін бірнеше жылға ұзартады

“Бұл эпикатехин полифенолдың арқасында, ол иммунитетті арттырып, қан айналымын едәуір жақсартады. Жас кездегі жүректің белсенділігі сақталады”, – деген олардың пікірін келтіреді журналда.

Британдықтар жүргізген зерттеуде өмір бойына алма шырынын көп тұтынған адамдарда жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметі едәуір жақсы көрсеткіш көрсеткен. “Олардың жүрегі алма жемегендерге қарағанда, кем дегенде 17 жылға жас болған”, – деп атап өтті ғалымдар.

82 пайызында обырдың дамуы жоғары болған тышқандарға жүргізілген эксперимент жарты жыл алма жегеннен кейін аденокарциномның артуын тудыратын үрдістерді баяулатуға алып келгенін көрсетті.

Талқылау