Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар алкогольдің адам өмірін ұзартуға еш пайдасын тигізбейтінін дәлелдеді

Канаданың бір топ дәрігерлері соңғы жылдары жүргізілген зерттеулеріне сәйкес ішімдіктің адамға жақсы әсерін тигізеді деген ұйғарымды теріске шығарды.

алкоголь-и-сон

Сурет: thekievtimes.ua 

Канаданың Виктория университетінің маманы Тим Стокуэлл мен оның әріптестері алкогольді ішімдіктердің адам ағзасына әсерін зерттеп көрді. Олар ішімдіктің адам денсаулығы мен ми жүйесіне қатысы жөніндегі  80 ғылыми жұмысты зерделеп шықты.

Зерттеуге 4 миллион адам алынып, олардың 367-сінің сол жылдары әр түрлі жағдайдан қайтыс болғаны анықталды.

Зерттеушілердің пайымдауынша, көп адамдар ішімдікті денсаулығына кері әсер бере бастаған соң қойған.

Ішімдік ішкен адамдардың денсаулығы сау адамдармен салыстырғанда жақсы емес. Және олардың өмір ұзақтығы ішімдік ішпейтін адамдар секілді болып келеді.
Сондықтан Стокуэлл алкогольдің адамға оң әсерін тигізеді деген болжамға сақтықпен қарауға шақырады. Оның айтуынша, ішімдіктің адамға жақсы әсері болуы мүмкін емес, болған күннің өзінде ол ең төменгі деңгейде болуы мүмкін.

Талқылау