Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: әлеуметтік желіге суреті жарияланған тағам дәмдірек көрінеді

Әлеуметтік желідегі парақшаңызға жегелі отырған тағамның суретін жиі жариялайсыз ба? Ал АҚШ ғалымдары бұл әрекеттің тәбетті арттыра түсетінін алға тартты.

f0416ab54e3f4722885a75c12f78f2f7_L

Сурет blogspot.com

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Сөйтсе, ішкелі отырған асын әуелі суретке түсіріп, ғаламторға жариялап болып ғана тамақ жейтіндер ерекше рахатқа бөленеді екен.

Зерттеушілер бұл тұжырымды Journal of Consumer Marketing басылымында жариялады. Осы ретте өткізілген тәжірибеге 100-ге жуық адам қатысып, жоғарыда сипатталған әрекетті қайталаған.

Ал енді солардың 90%-ы суреті жарияланған тамақтың әдеттегіге қарағанда әлдеқайда дәмдірек болып көрінгендігін мойындапты. Ғалымдар бұған мынадай түсініктеме берді: адам тағамды суретке түсіру барысында оны түрлі қырынан қарастырып, астың жалпы сыртқы көрінісіне іштей баға береді. Сол себепті суретке түсіріліп, парақшаға жарияланған кез келген ас анағұрлым дәмді болып көрінеді.

Талқылау