Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әлемдегі қатерлі ісік індетінің негізгі себебін атады

Аризона штатының университетінің ғалымдары адам әрекеттері онкологиялық аурулардың тек тұрғындар арасында емес, жануарлар арасында да таралуына әсер етеді деген тұжырым жасады.

Ғалымдар әлемдегі қатерлі ісік індетінің негізгі себебін атады

Сурет: Peter Nicholls / Reuters

Бұл туралы Nature Ecology & Evolution журналында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Ғалымдар қатерлі ісіктің дамуына әсер ететін факторлар ретінде ауа мен судың химиялық ластануын, ядролық құрылғылардан радиациялық сәулелердің бөлінуін, сонымен қатар пестицидтер қолданысын атады.

Сонымен қатар жарықпен ластану да адам ағзасында гормоналдық ауытқулар туғызып, қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін.

Зерттеу авторларының сөзінше, Homo sapiens-ті онкогендік түрге жатқызуға болады. Алайда қазіргі уақытта заманауи өркениеттің дамуы жануарлардағы қатерлі ісіктің дамуына қаншалықты әсер етіп жатқаны туралы мәлімет аз.

Қатерлі ісік зерттеуге мүмкін болған барлық түрлерде кездеседі. Десе де жануарлардың түрлі популяцияларындағы қатерлі ісік аурулары туралы мәлімет жоқ болғандықтан, бұл адамдардың әрекеттерінің әсеріне бағалауды қиындатып отыр.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар таза ортаның балалар үшін қауіпті екенін анықтады

Ер адам баласын суға сүйреп бара жатқан төрт метрлік қолтырауынды жеңіп, ұлын құтқарды

Қытай әр отбасындағы бала санына қатысты шектеуден бас тартуы мүмкін

Рамазан айында жұмыс істеп жатқан мұсылмандар еврейлер үшін қауіпті саналуда

Талқылау