Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар әлем бойынша жәндіктердің жаппай жоғалып бара жатқанына алаңдаушылық танытты

АҚШ пен Мексика ғалымдары Эль-Юнке (Пуэрто-Рико) ұлттық қорығындағы тропикалық орманда жәндіктер санының айтарлықтай азайғанын байқаған. Сонымен қатар жәндіктермен қоректенетін көптеген жануар жоғалып кеткен. Сарапшылардың сөзінше, бұл жағдай бүкіл әлемдегі сауда қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. себебі жәндіктер ауыл шарушалық мәдениетіндегі көптеген өнімді тозаңдандыру үшін қажет.

Ғалымдар әлем бойынша жәндіктердің жаппай жоғалып бара жатқанына алаңдаушылық танытты

Бұл туралы Science Alert басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2014 жылы халықаралық зерттеушілер тобы соңғы 35 жылда ара және қоңыз тәрізді жәндіктердің саны әлем бойынша 45 пайызға азайғанын есептеген. Бұл әсіресе Еуропада қатты байқалған. Алайда ендігі жәндіктер саны америкалық құрлықтарда да төмендеуде.

2017 жылы өзге мамандар тобы Германиядағы ұшатын жәндіктер санының азаюының себебін зерттеп, оған пестицидтер мен жәндіктер мекенінің жойылуы әсер еткен болуы мүмкін деп топшылады.

Ғалымдар өткен ғасырдың 70-жылдары және 2013 жылы омыртқасыздар санын есептеген. Анықталғандай, 40 жыл ішінде буын аяқтылар саны айтарлықтай азайған. Ал 1977 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қаңтар айы аралығында ұсталған жәндіктер саны 60 есеге төмендепті.

Сонымен қатар жәндіктермен қоректенетін кесірткелер саны да 30 пайызға азайған. Ал кей түрлері орманнан мүлде жоғалып кетіпті. Сондай-ақ, бақалар мен құстардың да саны азайғаны байқалды. Мысалы, буын аяқтылармен қоректентін пуэрто-риколық тоди құсын аулау 90 пайызға төмендеген.

Мамандар мұндай жағдайды ғаламдық жылымықпен байланыстырып отыр. Соңғы 40 жылда тропикалық ормандардағы ауаның орташа тепературасы 2,2 градус Цельсийге жоғарылаған. Өз кезегінде бұл жұмыртқалай алмайтын жәндіктердің көбею циклін бұзады. Сонымен қатар буын аяқтылар көптеген жануар үшін қорек боп табылатындықтан, бұл табиғаттағы қоректік тізбектің бұзылуына алып келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау