Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамның жүрегі қашан тоқтайтынын нақты анықтайтын анализ ойлап тапты

Джонс Хопкинс атындағы университеттің ғалымдары адамның жүрегінің қашан тоқтайтынын анықтауға көмектесетін анализ ойлап тапты. Жаңа анализ уақытты анықтап қана қоймай, ауруды алдын алуға көмектеседі екен.

Бұл туралы hi-news.ru басылымы жазды.

Дәрігерлер ауруды алдын алу үшін митохондрия анализін жүргізу керектігін айтады. Адамның митохондриалды ДНҚ-сының көшірмесі аз болған сайын, соғұрлым жүрек ауруы салдарынан көз жұму мүмкіндігі жоғары болады екен. Дэн Экринг бастаған команда өздерінің зерттеулерінің нәтижесінде арнайы тест ойластырды. Аталған тестінің нәтижесін ауруды емдеу үшін пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысы осыдан 20 жыл бұрын басталған екен. Осы уақыт ішінде дәрігерлер 22 000 науқас туралы мәлімет жинап үлгерген. Мұнымен қатар, зерттеу жұмысы ұзақ мерзімге созылғандықтан, оның нәтижесін бірнеше рет тексеріп көру мүмкіндігі болған. Мысалы, 361 науқас тесті нәтижесі көрсеткендей белгілі бір уақытта жүрек ауруы салдарынан көз жұмған.


Жіберіп алмаңыз:

Өзіңізді тексеріп көріңіз: Кедейлерде ғана болатын 10 зат

Күйзелістен арылуға көмектесетін 6 қадам

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Талқылау