Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Адамның ұзақ өмір сүруі тұқымына байланысты емес

Calico Life Sciences биотехнология компаниясының және Ancestry генеалогиялық компаниясының сарапшылары геннің адамның өмір сүру ұзақтығына әсері аз екенін анықтады.

Адамның ұзақ өмір сүруінің басты шарты анықталды

Бұрындары геннің адамның өмір сүру ұзақтығына әсері көп екені айтылып келді. Қазіргі мамандардың айтуынша, ұзақ өмір сүрудің негізгі факторлары – қоршаған орта мен өмір сүру дағдысы.

Бұған дейін ғалымдар ұзақ өмір сүруге геннің әсері 15-30 пайыз екенін болжаған. Ал, өмір сүру дағдысы мен қоғам әсері, аурулар, жазатайым оқиғалар екінші сатыдағы факторлар болып саналды. Мамандар 400 млн астам адамды зерттеп көрді. Оған әр адамның туған жерін, жасын, отбасылық қатынасын зерттеді.

Мамандар XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында туған туыстардың өмір сүру ұзақтығы факторларына статистикалық талдау жүргізді. Тұқымның әсерін ағайынды бауырлар мен аталас жандар арқылы тексеріп көрді. Ақырында адамның ұзақ өмір сүруі геннің әсерінен гөрі ерлі-зайыптылар арасындағы корреляциясына байланысты болып шықты. Яғни, басты фактор қоршаған орта. Мамандар геннің адам өмір сүру ұзақтығына әсері 7 пайыз ғана деп болжады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау