Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар өлген адамдардың ми қыртысын қайта тірілтпек

Америка ғалымдары адамның өлген ми қыртысын қайт тірілтетін сараптама жасауды қолға алғанын мәлімдеді. Олар бас сүйек ми жарақатын алған науқастармен жұмыс жасау үшін рұқсат алған.

ce2282e72e7ddc6657cb173ce55ae8e0

Американың Bioquark биотехнологиялық компаниясы Institutional Review Board комитетінен рұқсат алып, ReAnima жобасы арқылы адамның өлген ми қыртысын қалпына келтірмек. Олар осы тұрғыда заманауи биомедициналық технологияның барлық мүмкіндіктерін қолданып көрмек. Клиникалық зерттеу АҚШ, Ұлыбритания елдерінде ресми түрде қайтыс болды деп есептелген 15 пен 65 жас аралығындағы науқастарға жүргізіледі. Зерттеу кезінде науқастар аппаратқа жалғанған күйінен ажыратылмайды.

Жоба жетекшісі Айра Пастор көптеген тірі жануарлардың, мәселен, амфибия, планарии мен балықтардың ми қыртысын жаңартып, қайта тірілтуге болатынын атап өтті. Адамдардың орталық жүйке жүйесіне регенерация жасауға болмайды, алайда жаңа технологияның көмегіне сүйенуге болатынын айтады.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін мамандар пептидтер, лазерлер мен діңгек торларын қолданады. Алғашқы нәтижелер 2-3 айдан соң нәтиже көрсетуі тиіс. Ми қыртысының тірілу белгілері томографияда байқалатын болады.

Мамандар әріптестерінің сынына қарамастан эксперимент нәтижесінде оң өзгерістерге қол жеткізетінін және осы технологияны 2017 жылы құруды жоспарлап отыр.

 

Талқылау