Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамның миын апат пен жарақаттан кейін қалпына келтірудің жолын тапты

Стэнфорд қаласындағы SLAC ұлттық зертханасы электроэнцефалографияның жаңа әдісін ойлап табу бойынша жұмыс жасап жатыр. Аталған әдіс есті жоғалтудың ауыр түрі, инсульт және көз көруімен байланысты қиындықтар туындағанда, әлсіз нейрон тізбектерін іздестіре алады.

Ғалымдар адамның миын апат пен жарақаттан кейін қалпына келтірудің жолын тапты

Бұл туралы Technology басылымына сілтеме жасап  Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдардың сөзінше, бас миының электродтар арқылы нейро-ынталандырылуы мидың осал тұстарын анықтап, курстық ем кезінде мидың зақымдалған бөлігінің белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған жаңа әдіс зеррттеушілерге электромагнитті импульстер жібереді. Өз кезегінде олар зақымдалған нейрондарды іздестіруге, олардың белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Сондай ақ, олар миға нейрон тізбектерін жаңадан қалыптастыруға көмектеседі.

Ғалымдардың пікірінше, аталған әдіс Альцгеймер және Паркинсон аурулары, түрлі сипаттағы деменция, бас миының жарақаты тәрізді түрлі жағдайларда емдеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау