Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамды бақытты ететін үш нәрсенің не екенін атады

Австралиядағы Дикин университетінің ғалымдары адам бақытты болуы үшін оған үш нәрсе керек екендігін айтады.

kak-staty-samm-stchastlivm-tchelovekom-sovet-ritcharda-koha

Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлайды.

Психолог Роберт Каминс адам баласының бақытсыздығына оның ұлты, перзентінің жоқтығы, тұратын жерінің әсер ете алмайтынын айтады. Ал керісінше адамды бақытқа бөлейтін алтын үштікке төмендегілер кіріп отыр.

Әсер етуші факторлардың бірі ақша. Профессордың айтуынша, қажетті ақша мөлшері тұрғылықты жер мен бала санына байланысты. Жалпы орташа есеппен әр адамға бір жылда 100 мың доллар қажет болуы мүмкін. Келесі элемент – сүйікті адамыңның болуы. Жеке өмірдің ақшаға қарағанда маңызы зор. Себебі, ол береке мен тірек сезімін сезінуге мүмкіндік береді.

“Өміріңіздегі қуанышты сәттерді бөлісу үшін сізге бір ғана адам қажет. Ал мұндай қолдауы жоқ адамдар қиындыққа төтеп бере алмайды”, – дейді Камминс. Бақыттың кілті денсаулықта деп айту қиын. Десе де, адамның созылмалы ауруларға шалдықпауының маңызы зор.


Жіберіп алмаңыз:

Техаста «Харви» дауылынан соң жағалаудан жұмбақ құбыжық табылды (фото)

Жұрт адамға ұқсас беймәлім құбыжықтың не екенін білмей дал болды (видео)

Қостанай тұрғыны сатып алған балық ішінен үшкөзді құбыжық тауып алды (фото)

Талқылау