Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамдардың өлер алдында не туралы ойлайтындарын анықтады

Солтүстік Каролина университетінің қызметкерлері өлім аузында жатқан науқастардың блогтарын зерттеген. Негізінен рак және склероз салдарынан қайтыс болған науқастардың жазбалары тексерілген екен.

Бұл туралы gubdaily.ru басылымы жазды.

Мұнымен қатар, олар өмірімен қоштасуға бірнеше ай қалған науқастардың жазбаларын зерттеген. Компьютерлік бағдарламаның көмегімен аталған жазбада “қорқыныш”, “мазасыздық”, “бақыт”, “махаббат” сынды сөздердің қаншалықты жиі қолданылатыны анықталған.

Шын мәнінде, өмірінің соңғы күндері қалғанын білген адамдардың жазбасында “өмірге деген махаббат” тақырыбы жиі көтерілген екен. Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер де осы сөздерді жиі айтқан. Яғни зерттеу нәтижесіне сәйкес, өлім аузында жатқан адамдардың өмір, отбасы, дін тақырыбында көбірек ойланатындары анықталған.


Жіберіп алмаңыз:

20 жастағы қыз аяғының ұзындығы бойынша рекорд орнатты (фото)

Смартфонның сынып кетуінің 5 себебі

Телефон қуаты жиі отырып қалмау үшін не істеу керек?

Қолын лифт жұлып кеткен 8 жасар қыз үйіне дейін бір километр жүгіріп барған

Талқылау