Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамдардың ақылы азайып келе жатқанын мәлімдеді

Норвегиялық ғалымдар IQ-тесттерінің нәтижесі бойынша, соңғы 10 жыл ішінде адамдардың ақыл-парасат деңгейі төмендегенін анықтады.

Ғалымдар адамдардың ақылы азайып келе жатқанын анықтады

Бұл туралы MedicalXpress порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталғандай, Флинн әсері аталып кеткен IQ өсуі ХХ ғасырдың алғашқы жартысында байқалған екен. Мұнан кейін адамзаттың «ақылды бола түсу» процесі жылдам жүріп, артынша төмендеп кеткен.

1970-2009 жылдар аралығында 703 мың норвегиялықтың IQ тестілеуінің нәтижесіне талдау жасаған ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр.

Анықталғандай, бір ұрпақтың ақыл-парасат деңгейі орташа есеппен жеті сатыға төмендеген. Ғалымдар мұндай жағдайды қоршаған орта мен адамдардың өмір салтындағы өзгерістермен байланыстырды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау