Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Адамдардың үштен бір бөлігі қызғаншақ болып келеді

III Карлос атындағы Мадрид универсиететінің зерттеушілері адамдарды олардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай 4 түрге бөлуге болатындығын мәлім етті.

1424520t1h1a76

Олар: қызғаншақтар, оптимистер, пессимистер және сенгіш азаматтар. Бұл туралы Science Advances ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылған.

Арнайы тәжірибе барысында ғалымдар 541  адамды түрлі әлеуметтік жағдайлар бойынша сынақтан өткізді. Сынақтың нәтижесі компьютерлік талдауға жіберілді. Талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша, сынаққа қатысқан азаматтардың 90 пайызы алдында айтылған санаттарға жататын болып шықты. Нақтырақ айтқанда, сынаққа қатысқан азаматтардың 30 пайызы қызғаншақтар, 60 пайызы болашағынан зор үміт күтетіндер, яғни оптимистер, қалған 20 пайызының жартысы пессимистер мен сенгіш адамдардың қатарында болып шықты. Ал, азаматтардың 10 пайызына қатысты мәліметтерді компьютер анықтай алмады.

Ғалымдардың айтуынша, азаматтардың жеке бас қасиеттеріне қатысты мұндай жіктеу жұмыстары алғаш рет ұйымдастырылуда.


Жіберіп алмаңыз:

Қыз қай айда туса, мінезі де дәл сондай

Ғалымдар: Ажырасудың бір себебі – порнографияға деген қызығушылық

Ғалымдар: Әйелдер 5 жылдан артық сүйе алмайды

Талқылау