Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: 90-жылдары хит болған испан әні адам өмірін құтқара алады

Барселона университетінің ғалымдары ерекше тәжірибе жасап, 90-жылдары хит болған ырғақты әннің адам денсаулығына оңды әсер ететінін анықтады.

Ғалымдар: 90-жылдары хит болған испан әні адам өмірін құтқара алады (видео)

Бұл туралы Риа Новостиге сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Зерттеуге 164 студент алынған. Зерттеушілер оларды үш топқа бөлді. Алғашқылары – метроном аспабының сүйемелдуімен көкірек қуысына компрессия жасаған. Екінші топ іштей Macarena әнін шырқаған. Ал үшінші топ ерекше бақылауға алынды.

“Испаниялық Los Del Rio тобының Macarena әні жүрекке массаж жасау кезінде көмектеседі. Оның ритмі минутына 103 соққы. Ол кеуде қуысына қажетті жиілікпен сай келеді”, – дейді ғалымдар.

Екі минуттық массаждан кейін, метрономды қолданған студенттердің жақсы көрсеткішке ие болғаны анықталды. Бұл топ қатысушыларының 91%-ы минутына 100-120 соққыдан жасаған. Екінші орынға испан әнін шырқағандар жайғасты. Олардың 74%-ы ритммен сай келген. Ал метрономды да қолданбай, Macarena әнін де тыңдамағандар небәрі 21%-ды көрсеткен.

Зерттеу авторлары метрономның өнімділігі жоғары болғанымен, аталған аспапты оңайлықпен табу мүмкін еместігін атап өтті. Сондықтан да олар 90-жылдары хит болған әнді білу арқылы біреудің өмірін құтқаруға болады деген тоқтамға келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау