Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 48 млн жыл бұрынғы тасқа айналған жыланның ішінен кесірткені тапты

Ғалымдар 48 миллион жыл бұрынғы тасқа айналған жыланды, оның ас қорыту жүйесіндегі кесірткені және кесірткенің асқазанындағы қоңызды тауып, қоректік тізбектің көрнекі дәлелін көрсетті, деп хабарлады Science Alert.

20160909093940

Германияның оңтүстік-батысындағы Мессель тау кенінен қорек тізбегінің дәлелі табылды.  Бұл кен орны өзінің құнды тас мүсіндерімен (56-34 млн жыл бұрын) танымал. Табылған олжа қорек тізбегіне қатысы бар екінші жәдігер.

Болжам бойынша, екі күн бұрын қоңыз жеген кесірткені жұтқан жылан зиянды буларға тұншығып, жанартау көлінде құлауы мүмкін және сол көл түбінде тас болып қатып қалып бүгінгі күнге жеткен.

2008 жылы 250 миллион жыл бұрынғы тағы бір көне жәдігер табылған еді. Тас мүсіннің акула екенін анықталды, оның асқазанынан қосмекенді, ал қосмекенді ішінен кішкентай балық шыққан болатын.

Талқылау