Ғалымдар: Үй тазалау күніне бір қорап шылым шеккенмен бірдей

Ғалымдар тұрмыстық химия құралдарын қолдану арқылы жиі үй тазалаудың зиян екенін анықтады. Норвегиядағы Берген университетінің ғалымдары 22 жыл бұрын бастаған тәжірибесіне 6,2 мың адам қатысқан.

Олар тұрақты түрде аптасына бірнеше рет өз пәтерін немесе ғимарат ішін тазалаған. Бұл туралы Russia Today сайтына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Анықталғандай, бөлмеге жиі тазалық жұмысы жүргізілген сайын, қатысушылардың кейбірінде тыныс жолдарының ауруы пайда болған. Зерттеушілер үйін жиі тазалайтын әйелдерде өкпе демікпесінің даму қаупі 40%-ға артатынын анықтады.

Белгілі болғандай, тұрмыстық химия құралдарының ұсақ бөліктері адамның өкпесіне жиналып, шырышты қабықты тітіркендіреді. Мұнан кейін оның өзгеріске ұшырауына алып келеді.

Ғалымдар тұрақты түрде үй тазалаудың зияны күн сайын бір қорап шылым шеккенмен бірдей екенін айтты.

«Бұған дейін үй тазалау күнделікті шылым шегу тәрізді қауіпті деген ой ешкімнің санасына кіріп-шықпағанына сенімдімін. Зерттеу нәтижесін саралай отырып, үйде отыратын әйелдер 10-20 жыл бойы күн сайын 20 шылым шеккен деген әсерде қалдым», – дейді зерттеу авторларының бірі Остин Свонс.

Сондай-ақ, үй тазалығы зерттеуге қатысқан ер адамдардың денсаулығына еш әсерін тигізбегені анықталды.

«Ер адамдардың өкпесіне тазалауға арналған химиялық құралдар көп әсер ете қоймайтын шығар. Сонымен қатар бұған дейінгі зерттеу ер адамның ағзасының темекі түтіні немесе шаң сияқты түрлі тітіркендіргіштерден аз зардап шегетінін көрсетті», – дейді Свонс.

Сонымен қатар зерттеуге қатысқан әйелдердің 13,6%-ында демікпе пайда болған.

Норвегиялық ғалымдар тұрмыстық химия құралдарын шығаратын компанияларды өнімнің қаптамасына оның құрамында аммиак, хлор тәрізді тыныс жолдарына қауіпті болуы мүмкін заттар бар-жоғын жазуға шақырды. Сондай-ақ, ғалымдар үйдегі дәретханадан өзге бөлмелерді қарапайым су және микрофибрадан жасалған шүберекпен тазалауға кеңес берді.

«Мұнда ақылға салып әрекет ету керек. Үй тазалағанда улы заттарды аз қолданған жөн. Яғни арзан құралдардың құрамында улы заттар көп болып келеді. Сонымен қатар үйді тұрмыстық химия құралдарымен аптасына бір рет қана тазалаған жөн», – дейді Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің органикалық химия кафедрасының профессоры Валерий Петросян.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында 6 айлық сәбидің неден көз жұмғаны анықталды

Актердің Қазақстандағы сапары: Марк Дакаскос желіге секіріп тұрған суреттерін жариялады

Отбасым үшін қорықтым: Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасына айыппұл салынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар