Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ислам елдері қазақстандық студенттерді тегін оқумен алдап құрыққа түсіруде

Ислам елдері қазақстандық студенттерді тегін оқумен құрыққа түсіруде. Сол себепті біраз азаматтар құпия түрде діни білім алу үшін шекара асады екен.

d2cab0a73ad41e6438d3a05f762d309c

Фото: Total.kz

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Дін істері бойынша комитет төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, мұндай жағдайда біздің отандастар радикалды топтардың құрбанына айналуы мүмкін. Ал олар елге оралғаннан кейін дәстүрлі емес діни бағытты кең түрде таратуға кіріседі.

Сондықтан араб елдеріне аттанбас бұрын, шетелдік университеттер және олардың діни көзқарастарының Қазақстанмен қаншалықты сәйкес келетінін біліп алу маңызды дейді. Ал күмән тудыратын оқу орындарында білім алған студенттер Қазақстанда ресми түрде қызмет атқара алмайды.

“Егер олар шақырса, демек қандай да бір біздің азаматтарды пайдалануға деген қызығушылық бар деген сөз. Көбісі ол жаққа өз еріктерімен кетеді. Олар мейлінше ешкіммен кеңеспей, біздің ресми дипломатиялық өкілдіктерден бойларын аулақ ұстайды. Бұл ретте тек мемлекеттік органдар ғана емес, олардың ата-аналары да сақ болуы керек”, – дейді Ғалым Шойкин.

Оқи отырыңыз:

ІІМ WhatsApp арқылы тараған маньяк жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Елімізде заңды ажырасып бір шаңырақ астында тұра беретін отбасылар пайда болған

Қалыңмалға он мың доллар әкелген құдалар үйдегі үлкен әжейге ешнәрсе кигізбеген

Астаналық жігіт неке сыйлығына жаңа көлік сұраған қыздың тілегін орындап, өзін тастап кеткен

Талқылау