Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Галстук тақпағаны үшін: Оқытушы сабақ кезінде студенттерді ұрып тастады (видео)

Өзбекстандағы жоғары оқу орындарының бірінде жаға ұстатарлық жайт орын алды. Оқытушы сабаққа галстук тақпай келген студенттерді ұрып тастаған.

Бұл туралы Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Болған оқиғаны аудиторияда отырғандардың бірі видеоға түсіріп алған. оқытушы студенттерді тақтаның алдында бір қатарға тұрғызып, олардың бетінен шапалақпен тартып жіберіп, ішінен жұдырықтап, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл кезде студенттер қарсылық танытпапты.

Анықталғандай, оқиға Бұхарадағы Инженерлік-технологиялық институтта орын алған. Ал шәкірттерін ұрған педагог математика пәнінің оқытушысы боп шықты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау