Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалия Мұратова күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтып берді

“Асыл” тобының экс-солисі Ғалия Мұратова бүгінде тұңғышын дүниеге әкеліп, ана атанды. Отасқанына бір жылдан асқан әнші сүйіктісімен қарым-қатынасының қандай екені туралы айтып берді.

image

Фото: instagram.com/alensamykenov/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Жүктілік кезінде аяғының ұшымен тұрып би билеген Ғалия Мұратова сүйіктісі екеуінің қарым-қатынасы туралы айтып берді. Әншінің айтуынша, Әлен Самыкенов екеуінің ортақ қызығушылықтары жоқ. Десе де, ол мұның бақытты болуға еш кедергі жасамайтындығын айтады.

“Біз бір-бірімізге мүлдем ұқсамаймыз. Бірақ бір-бірімізге деген махаббатымыз шексіз. Ортақ қызығушылықтарымыз аз. Олар – музыка, джазға деген махаббат, ұлымыз, түнде тағам жеу, ұйықтау, КВН бағдарламалары, көріпкелдер сайысы, бір кездері Ресейде бағдарламасы. Осылар ғана сияқты.

Ал қалған тұста біз тым бөлекпіз. Бірақ әрдайым бір-бірімізді тыңдап, ортақ шешім қабылдаймыз, ал ең бастысы – бір-бірімізді шын жақсы көреміз! Ол джаз жанрындағы әуенді орындаған кезде мен ұйып отырып тыңдаймын. Екеуіміз де түнде тамақтанғанды жақсы көреміз”, – дейді Ғалия Мұратова.

Ары қарай әнші тыңдармандарына “Ал сіздердің сүйіктілеріңізбен қарым-қатынастарыңыз қандай?” деген сұрақ қойды. Желі қолданушылары аталған сұраққа жауап беріп, пікірлерін бөлісті.

“Керемет! Алла тағала ешуақытта жұптарыңызды жазбасын! Алла екеуіңізге бірге қартаюды нәсіп етсін!”, “Бақытты болыңдар! Алла жақсылығынан айырмасын!”, “Бір-бірлеріңізге қорған болыңыздар” деп тыңдармандары ақ тілектерін жаудырды.


Жіберіп алмаңыз:

“Асыл” тобының жүкті солисі аяғының ұшымен тұрып жұртты таңқалдырды

“Асыл” тобының экс-солисі тұңғышын дүниеге әкелді

“Асыл” тыңдармандарына Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған ән тарту етті

 

Талқылау