Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғалымдар газдалған сусынның адам өліміне әкелетіндей зиянын анықтады

Ғалымдар газдалған сусынның қандай ауруға шалдықтыратынын анықтады.

Газдалған сусын мен басқа да қант қосылған сусындарды артық мөлшерде қолдану ерте жастағы жүрек, қан тамырлары ауруларын, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Бұл Гарвардтағы дәрігерлердің «Circulation» журналына  жариялаған мақала қорытындысы.

Зерттеушілердің пікірінше, аптасына 3-4 стакан газдалған сусын ішетін адамдар үшін өлім қаупі осы сусындарды пайдаланбайтындарға қарағанда 6% жоғары. Күнделікті ішетін  болса, өлім қаупі 14%, екі-үш күн аралығында ішетін болса, өлім қаупін ​​21% -ға арттырады.

Ғалымдар1980 жылдан 2014 жылға дейін National Health and Nutrition Examination Survey және Health Professionals Follow-up Study жобалары шеңберінде жиналған деректерді талдағаннан кейін осындай қорытынды жасалды. Зерттеуге денсаулығын ұзақ мерзімді бақылауға келіскен 100 мыңнан астам медицина қызметкері қатысты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр