Ғалымдар балалы болмау үшін ерлерге арналған дәріні зерттеп көрді

Лос-Анжелесте ғылыми-зертттеу университетінің биотехнологтары ерлерге арналған бала көтеруге қарсы дәрілерді тексеріп көрді. 

Ғалымдар балалы болмау үшін ерлерге арналған дәріні зерттеп көрді

Ерлерге арналған жаңа гормонды дәрілер айтарлықтай жанама әсерін берген жоқ.

Ер адамның ағзасына тез арада сіңіп кетті. Ерлер ұрығының белсенділігін төмендету үшін ғалымдар өзгертілген тестостерон қолданды. Оның құрамында ерлердің жыныс гормоны мен прогестерон бар. 

Зерттеуге 40 дені сау ер адам қатысты. Олар аталған дәрілерді тәулігіне бір рет ішіп тұрды. Дәрінің әсерінен ер адамдардың қанындағы тестостерон деңгейі төмендеп кетті. Бірақ өздерін нашар сезінген жоқ. 

6 ер адамның шаршаңқырағаны, басы ауырып, безеу шыққаны анықталды. Бес қатысушы жыныстық қатынасқа түсу ниеті азайғанын айтты. Екеуі эректильді дисфункция сезінгенін жеткізді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр