Галбадрах Отгонцэцэг қазақ халқына қазақ тілінде алғыс айтты

Жексенбі, 28 Тамыз , 2016 1:38

Дзюдодан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг қазақ еліне қазақ тілінде алғыс айтып, аталмыш жеңісін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайтынын мәлімдеді.

photo_67287
Евразия арнасының «Кешкі кездесу» бағдарламасына олимпиадашылар,  атап айтсақ, зілтеміршілер Ниджат Рахимов пен Жазира Жаппарқұл және дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қонаққа келді.

«Қымбатты достар, сіздерге үлкен рахмет. Олимпиада медалі менің арманым еді. Оған жеткеніме қуаныштымын. Барлық жағдай жасап, қолдау көрсеткен сіздерге, бүкіл қазақ еліне шын жүректен алғыс айтамын. Алда Токио олимпиадасында және өзге жарыстарда жеңіске жету үшін бар күшімді саламын. Рахмет! Жеңісімді маған азаматтық берген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаймын!» – деді дзюдодан Қазақстаннан шыққан тұңғыш жүлдегер қыз.

Ал Галбадрахтың жаттықтырушысы Базарбай Домбай оның еңбекқорлығын, атап өтті: «Гүлбанудың Қазақстанға келгеніне екі жыл болды. Екі жылда көрсеткен нәтижесі осы. Гүлбану – өте еңбекқор».

Сондай-ақ, Галбадрахтың жеңісті кездесуін жүргізген спорт сарапшысы Уәлихан Қосанбай спортшының табандылығына тәнті болғанын жасырмады.

«Бәрінен де Галбадрахтың табандылығы ұнады. 11-0 есебімен ұтылып жатты. Олимпиада ойындарындағы бірінші белдесу, қандай жауапты сәт еді! Галбадрах сол кездесудің «алтын уақытын» өз пайдасына шешті. Ерекше сезімге бөленіп, іштей басқа қыздарымыз да осындай болса екен деп ойладық. Расында да Галбадрахтың табандылығы басқа қыздарымыздың өздеріне деген сенімділігін арттырды», – деді спорт сарапшысы.

Жіберіп алмаңыз: 

Желі қолданушысы қазаққа қола әперген моңғол қызына өлең арнады

Ниджат Рахимов Рио төрінде неліктен лезгинка биін билегенін айтты

Дмитрий Баландиннің жейдесі 1,5 миллион теңгеге сатылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар