Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламторға тәуелділіктен арылту: Мамандар тәжірибе жасап, адамдарды жалғыз қалдырып көрді

Британдық Channel 5 тәжірибе жасап, адамдарды өркениттен мүлде ада жерде қалдырып көрді.

Бірнеше еріктіні жалғыз камераға орналастырды. Телефон, компьютер секілді заттарды өшірді. Джордж Лэм мен тағы 5 адам бес күн жалғыз адамдық камерада болды. Ол жерде тек тамағы мен дәретханасы, төсек пен таңдауындағы үш зат қана болды. Электронды заттарды мүлде алып тастады.

Қатысушылардың бірі 4 сағаттан соң тәжірибеден өте алмайтынын айтты. Екіншісі 24 сағатқа шыдады.

28 жастағы Шермейн тәжірибеге өзін дәлелдеу үшін қатысқан. Ол өзін жалғыз сезінгенін айтып жылай бастады.

«Мен жалғыз қалғандаймын. Үйіме кеткім келеді», – дейді ол. Ол түймені басып, ойыннан шығатынын айтты.

Тележүргізуші Джордж да 24 сағаттан соң ойыннан шықты. Оның негізі уайымы күн мен түнді ажырата алмауы болған.

36 жастағы жалғызбасты ана Сара 5 күн шыдады. Бірақ оған да оңайға соқпаған. Оның жүйкесі жұқарғаны соншалық, бөлмеге біреу кіргенде жүрегі айнып кетті.

28 жастағы Ллойд те 5 күн шыдады. Ол желіге тәуелді болғандықтан, өзіне сабақ алу үшін ойынға әдейі қатысқан. Ол камерамен сөйлесіп жүрді.

Блогер Люси ойынның соңына дейін шыдады. Өйткені өзімен бірге сурет салу заттарын алған. Сурет салып уақытын өткізген. Үш қатысушыға да тәжірибенің оңай болмағанын айтады. Бірақ тәжірибе өмірін жақсы жағына қарай өзгертіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау