Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламтордағы сауда арқылы алаяқтардың құрығына түспеу үшін не істеу керек

Қарағандылықтар интернет-сатушыларына 5 мың долларға дейін сеніп берген. Осылайша алаяқтардың құрығына түскен. Жыл басынан бері қаланың бір ғана полиция бөлімшесіне 150 адамнан арыз түскен.

Адамдар неліктен алаяқтарға сенеді? Олар неге бейтаныс адамдарға ақшасын сеніп тапсырады? Алаяқтардың құрығына түспеу үшін не істеу керек? Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

23 жастағы Айым Жасұланова құндыз ішігін алмақ болып, желіден сатушы табады. Сатушы арзан бағаға жақсы тон ұсынады. Бойжеткен 300 мың теңгенің тонын таңдайды. Сатушы 100 мың теңгесін алдын ала төлеуді сұрайды.

«Мен qiwi арқылы алдын ала төлем жасадым. Сосын көрсетілген нөмірге хабарласып едім, телефоны сөндірулі. Осылайша 2 сағат күттім. Солай жоқ болып кетті», – дейді ол.

Елімізде интернет алаяқтарын алданған ондаған мың адам бар. Олар көлік құралдарын, тон, көлік, киім, зергерлік бұйымдарға алданғандар.

«Бұл алаяқтар бір ғана қалада емес, әр өңірде. Әр елде болуы мүмкін. Қиыны сонда болып тұр. Егер бір қалада болса анықтау оңай болар еді. Қазір әр қалада бейнебақылау камерасы бар. сондықтан анықтау оңайға түсер еді», – дейді оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Қайырбек Рахымбеков.

Полицейлер интернет алаяқтарын барлық кезде ұстай алмайды. Сондықтан ондай саудадан аулақ болуға шақырады. Мәселен, скайп арқылы сатушымен сөйлесіп, тауарды көрсетуін сұрау керек. Егер тауар басқа қалада болса, таныс адамдардан барып көруін сұраңыз. Егер сатушы алдын ала төлем жасауды сұрап, кездесудан қашса, ондай саудаға жоламаңыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау