Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламторда жарияланған балаларға арналған есепті үлкендер шеше алмай дауласып жатыр

Ғаламтор қолданушылары балаларға арналған алма, банан, кокос жемістерінен құралған есептің шешім таппай дауласып жатыр. Бұл есепті канадалық Зиза Уолке Facebook желісіне жариялаған болатын. Оның шешімін мыңдаған қолданушы табуға тырысып көрді.

119

Алайда бір айдан бері балаларға арналған есептің шешімін ешкім таба алар емес. Есеп құрылымы мектеп бағдарламасы негізнінде құралған іспетті. Суретте жемістер көрсетілген. Ал, тапсырма бойынша әр жеміс қандай санның мәнін білдіретінін табу керек.

Бастапқыда есепті шешу оңай көрінеді. Бірінші қатардағы 3 алманың мәні 30-ға тең. Яғни, әрқайсысы 10 деп аламыз. Екінші қатарда 1 алмаға 4-тен тұратын 2 бананды қосқандағы мән 18-ге тең. Үшінші қатарда 4 бананнан 2 кокосты алып тастағанда шешімі 2-ге тең болып тұр. Сұрақ төртінші қатардағы 1 алма, 1 кокос пен 3 бананды қосқандағы мәннің қанша болатынында. Бір көрген адам бірден есептің жауабын 15-ке тең көреді. Алайда, әркімнің жауабы әр түрлі болып шықты.

Желі қолданушылар есепті бүгінде160 мың рет бөлісіп, 2,3 миллион пікір жазған.

«Мүмкін сіздер мына тапсырыманы шешуге көмектесе аласыздар? Мен шешімін таба алар емеспін», – деп жазған еді Уолке 30 қаңтарда.

Талқылау