Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үй тонаушылар құрбандарын әлеуметтік желі арқылы табады

Үй тонайтын ұрылар қазір ғаламтор арқылы келетін болған. Ұрылар үй иелерінің желіде жариялаған суреттері арқылы біліп алады, деп хабарлайды Stan.kz.

1448507524_dostatok

Ұрылар үй иелерінің үйде бар-жоғын, демалыста жүргенін, үйдегі алтын -гауһар салатын сандықша жайлы, қандай тұрмыстық техникалармен қолданатынын және қабырғаларында қанша кымбат қолөнерлердің барын жарияланған суреттер арқылы біліп алады.

Заманауи технологияларыдың дамыған уақыты қылмыстық істердің көбеюіне де сеп болуды. Сондықтан әлеуметтік желілерде суреттеріңізді жариялай бермеңіздер. Ұрылар да ақымақ адамдар емес, олар сіздің үйіңізден қашан шығып-кіргеніңізді аңдып көшеде жүрмейді. Барлығын өздеріңіз берген ақпарат арқылы үйде отырып-ақ біліп отырады. Жыл басынан бері Алматы ауданының өзінде 777 үй тонау ісі тіркеліп, оның 323 ғана ашылды. Жақында ғана қалада екі павладарлық азамат ұсталды. Олар келген қысқа уақыттың ішінде 4 пәтерді тонап үлгерген, – дейді Астананың “Алматы” аудандық прокуратурасының тергеу бөлімінің басшысы Әрсен Бегалин.

Талқылау