Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламторда су толтырылған мүшеқап туралы жаңа флешмоб қызу талқыланды (видео)

Қарашаның ортасында ғаламтор пайдаланушылары “Condom Challenge” деген атпен мүшеқап туралы флешмоб жариялады.


Олардың айтуынша, осындай шара арқылы қауіпсіз төсек қатынасы мәселесіне деген көзқарасты қалыптастыруға болады. Бұл ақпаратқа Daily Mail басылымы да назар аударыпты.

Флешмоб желісі бойынша ішіне су толтырылған мүшеқапты өзінен төменде тұрған жолдасының басына жарылмайтындай етіп жоғарыдан лақтырады. Нәтижесінде мүшеқап жарылмай ишинде су да, мүшеқап та тұрақты жағдайда қала береді.

Тіпті, су ақпас үшін мүшеқаптың аузын байламайды да. Су толған соң мүшеқап үлкейіп, салмақпен түсудің нәтижесінде су ақпай қалады. Қатысушылар бұл көріністі ваннаның ішінде түсірген.
Соңғы уақыттарда Твиттер мен Инстаграм желісінде жүздеген роликтер жарияланды. Олардың авторлары кейбір трюктерді бірнеше рет қайталап жасау керек болғанын айтады.

Талқылау