Ғаламторда нағыз хитке айналған «Бүк не шік» жазбасының жұмбақ авторымен болған сұхбат

Жұма, 12 Ақпан , 2016 15:42

Қазнетте есімін жасырып жүрген жұмбақ жанның жазбалары рекордты деңгейде танылып жүр. «Қазақстан аспаны астында» бірлестігінде бөлім бойынша жарияланып отыратын «Бүк не шік» оқиғасы әлеуметтік желіде нағыз хитке айналған.

maska-gaya-foksa (12)

Сурет pora-valit.livejournal.com сайтынан алынды

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Бұл оқиғаның кейіпкері небір материалды-моральді қиындықтарға кездесіп жатады. Тіпті, махаббат хикаясын да бастан кешеді. Алайда, соның бәрінен шығар жол табады.

Енді осы повестің авторымен болған сұхбатты оқи отырыңыздар.

-Неліктен оқиғаны «Бүк не шік» деп атадыңыз?

-Біз тиынды алып лақтырғанда, оның қай жақ беті түсетініне байланысты жағдайымыз шешіліп жатады. Ал, басты кейіпкерде тек бүркіт жағы бейнеленген оң түсетін тиын бар. Соған орай ол нәтижесін алдын ала біле тұра барлық мәселені осы тиынды лақтыру арқылы шешеді. Кейіпкер осылайша оз ойын моральді түрде қорытады.  Тағдыр деген жоқ. Бәрі біздің таңдауымызға байланысты.

-Оқырмандар бұл әңгіменің авторы сіз екенін біле ме? Білмесе іштей сезуі мүмкін бе?

-Жоқ, мен әзірге атымы айтудың ешқандай маңыздылығын көріп тұрған жоқпын. Мен тек өзімнің заңгер екенімді ғана айтамын. Маған атақтың керегі жоқ, маған тек оқырмандардың осы кітаптан ой түйгені маңызды.

-Сіздің бұл жазбаңызды экранға шығару туралы ұсыныстар болды ма?

-Әзірге бұл оқиғаны қағаз бетіне түсіру туралы айтылып жатыр. Бірақ мен әуелі оқырмандардың тегін оқуына жағдай жасағым келеді. Егер олардың көңілдерінен шығып жата, кітап сөрелерінен орын алуына болады.

-Жазбаңызды әлі қанша уақыт жазбақшысыз?

-Бұл жазбалар бөлім-бөлімімен жарияланады. Қазір мен 2-томды аяқтап, 3-томына көшіп жатырмын. Мұнда негізінен өмір сабақтарын үйретеді. Менің оқырмандарымның басым бөлігі жастар. Сондықтан, олар үлкен өмірдегі қиындықтардан өтуді үйренсе екен деймін.

Зарина Козова

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар