Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаділбек “Ханшайымды” жалғызсыратпай, “Ханзада” әнін жарыққа шығарды (видео)

Былтыр «Ханшайымым» хит әнін жарыққа шығарған Ғаділбек Жанай енді «Ханзада» туралы ән шығарды.

pfU7p0SnWkM

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші «Ханзада» туралы әнді гитарамен орындап, желіде жариялады.

«Қымбатты инста-достар, баршалырыңызға белгілі Ғаділбек Жанай «Ханшайымым» әсем әнін жарыққа шығарды, көңілімізден шықты. Дәл осы «Ханшайымымның» жалғасы ретінде «Ханзада» туралы әсем ән жарыққа шығайын деп отыр. Дәл қазір сіздердің назарларыңызға ұсынатын боламыз», – деп хабарлады Ғаділбектің жанында отырған досы видеода.

Одан кейін әнші ертегі кейіпкері туралы әнін орындады. Әннің толық нұсқасының қашан шығатыны белгісіз. Ал мына бір үзінді тыңдармандардың көңілінен толықтай шыққан сыңайлы.

«Керемет», «Тамаша», «Хит», «Әдемі ән, құттықтаймын», «Даусы керемет қандай ән айтса да», «Алла ханзадаларыңыз бен ханшайымдарыңыздың санын көбейтсін», «Сіздің дауысыңызға тең келер дауыс жоқ», «Жарыққа шығуын асыға күтеміз», – деп жазды желі қолданушылары.

Алайда «бұл ән де ұрланған болып шықпаса болды» деп теріс пікір білдірген оқырман да бар. Естеріңізге сала кетейік, жұрт Ғаділбектің «Ханшайымым» әнін ұрланған деп шулады. Алайда әншінің өзі бұл ақпаратты теріске шығарған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ұлықпан Жолдасов пен Мейрамбек Беспаев “Ханшайымым” әнін гитара және домбырамен орындады (видео)

 

Талқылау