Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

G20 саммитінде президенттерді күзеткен қытайлық қыз әлемдегі ең сұлу оққағар атанды (фото)

Жақында ғана Қытайдың Ханчжоу қаласында аяқталған G20 саммитінде оққағар болып қызмет еткен қытайлық қыз әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті еткен.

30846d6ab68c91

Фото: kp.ua, tjournal.ru

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

abfb53beab4875

Шу Синь ҚХР Халықтық-азат ету армиясының жауынгері. Оның суреті желіге шыға салысымен, қытайлықтар пайдаланатын Weibo әлеуметтік желісі қолданушыларын сырт келбетімен қайран қалдырған.

24200834

Олар тіпті қызға “әлемдегі ең сымбатты оққағар” деген атақ та беріп қойған. Сурет астына пікір қалдырушылар, мұндай әйелің болса жеке өміріңе еш алаңдамастан қауіпсіз жүруге болатын шығар деп те әзілдеген.

Репортерлер оның өз қызметін атқару кезінде суретке түсіріп алғаннан кейін, оған деген көпшіліктің назары ауды. Ол Италия премьер-министрі Маттео Ренцидің автокөлігі жанында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған.

c8d3e5dc93389c

2013 жылы Шу Синь Қытай Халықтық-азат ету армиясы сапындағы ең сұлу әйелдердің ондығына кірген. Әскери қызметкердің жасы нақты қаншада екені белгісіз. Ол бос уақытында би билеп, ән айтқанды ұнатады екен.

Еске сала кетсек, G20 саммиті 4-5 қыркүйекте Ханчжоуда өтті. Форумның басты тақырыбы ретінде әлем елдерінің көшбасшылары инновациялық экономика мәселелерін талқылады.

Талқылау