Гүлнұр Оразымбетова белгілі шенеунікке қалай тоқал болғанын айтты

Гүлнұр Оразымбетова белгілі депутатқа тоқал болғанын мойындады. Әнші оған бір көргеннен ғашық болғанын айтты. Ол кісінің отбасылы болғанын да жасырмады. Бұл туралы Оразымбетова “Астана” арнасының “Мақпал мекен” бағдарламасында айтқан, деп жазады Stan.kz.

Гүлнұр Оразымбетова белгілі шенеунікке қалай тоқал болғанын айтты

“Бәрі өзімнің басымнан өткен махаббат – бір көргеннен ғашық болып, бір көргеннен жүрегіңнен шықпайтындай орын алған махаббат. Себебі ол менің алғашқы махаббатым деп айтсам болады.
Ол кісінің отбасы болды, ол бөлек әңгіме. Бірақ солай жолын Алла Тағала алып келген сияқты”, – дейді Гүлнұр.

Оразымбетова сүйгеніне қосылғанымен, отбасылық өмірінде барлығы керемет емес екенін атап өтті. Сондай-ақ, күйеуінің алғашқы отбасымен қарым-қатынасы жайлы баяндады.

“Ол жақтан күтілетін нәрсе кешірімділік қана болған. Дүние бүлініп, аспан жерге түсіп кеткен жоқ. Мен жақтан болса, түсінемін. Тек менімен өмір сүресің деп өзімді алға итермелесем, әңгіме басқаша болатын еді. Бірақ қиын болса да мен шыдаймын”, – дейді Оразымбетова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар