Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Гүл әпше” бейнебаянын көрген көпшілік “той әні” екенін айтып жатыр (видео)

“Алау” тобының “Гүл әпше” атты бейнебаяны ютуб видеолар желісіне шықты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше елімізге танымал продюсер Баян Есентаева жетекшілік ететін “Алау” тобы Шымкент қыздарына арнап жаңа бейнебаян түсіргендігі туралы хабарлаған болатынбыз.  Бүгін аталған бейнебаян көрермендерге жол тартты. Бейнебаянды көрген қыздар Баян ханымға алғыс білдірсе, енді бірі продюсердің инстаграмдағы парақшасына “тойға арналған ән” деп өз пікірлерін жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, “Алау” тобы Жанды дауыс жобасы арқылы құрылып, көпшілікке 2015 жылдың 1 желтоқсанында таныстырылған болатын. Алғашында Баян ханым топтың атын өзгертетіндігін айтса да, кейін сол қалпында қалдырады. Әзірге топтың қоржынында «Welcome to Kazakhstan» бейнебаяны бар.

Талқылау