Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратты Түркияда да танитынын айтып мақтанды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасымен және туыстарымен бірге Түркияда демалып жатыр. Ол демалыста жүрген сәтінің суреттерімен де жиі бөліседі. Өз жазбаларының бірінде Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты түркиялықтардың да танитынын айтып мақтанды, деп жазады Stan.kz.

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратты Түркияда да танитынын айтып мақтанды

«Түркия елінің жігіттері Қайраттың әнін тыңдаймыз деп, танып қуанып жатыр. Қайроштарыңыз аман болсын! Құрметтеген сайын мерейіміз үстем болып отырғанымыз», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасында.

Ал Қайраттың тыңдармандары оның шет елдерде де танымал екеніне қуанып жатты.

«Қайрат ағаның өнері өрге жүзсін», «Керемет, Қайратымыз аман болсын!», «Қайратыңыз Қазақстанға кіріпіш болып қаланар азамат болсын. Қуаныштымыз»,- деп жазды желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау