Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен құттықтап, оған ән арнады (видео)

Асықтай үш ұлды дүниеге әкелген Гүлзира Айдарбекова өмір бойы қызды болуды армандаған. Тіпті, жас кезінде қызды болмағаны үшін тағдырына ренжіген көрінеді. Алайда уақыт өте келе Гүлзира Үсенқызы бұл ойын өзгерткен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен құттықтап, оған ән арнады (видео)

Себебі Жаратқан қыз бермегенімен, қыздарындай бола білген келіндер сыйлаған. Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы жиі айтады. Әрі реті келген сайын қос келінін мақтап, олардың ата-анасына алғыс айтуды да ұмытпайды.

Күні кеше Айдарбекова екінші келіні Әйгерімді туған күнімен құттықтап, оған су жаңа әнін арнады.

“Жаны да өзі де сұп-сұлу, Әйгерімім, ботам сол! Туған күнің құтты болсын! Алла өміріңді ұзағынан етіп, ұлды-қызды нағыз бақытты ана болуыңды жазсын! Осындай періштедей адал, кең пейіл, ақ жарқынды мінезіңмен жанұямызға нұрыңды шаша бер! Сені өмірге алып келген, Әлиxан құдамызға, Дана құдағиыма, алғысымыз шексіз! Аян екеуіңнің бақытыңды баянды етсін Алла! Біз сені жақсы көреміз! Ботам сол, сен бақытты болуға лайықтысың! Өзімнің айтуымдағы сиясы кеппеген әнімді қабыл ал!” – деп ақ тілегін жеткізді ол Instagram парақшасы арқылы.

Ал желі оқырмандары ене мен келіннің сыйластығына тәнті болып, Жұлдыз бен Әйгерімнің бақытты келін екендерін атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау