Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнара Каримованы мақтағандар одан сырт айналды

Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова елде әкесінен кейінгі ықпалды тұлға болған заманда көптеген танымал адамдар оны үздіксіз мақтайтын. Қазір солардың ешқайсысы басынан бағы тайған Каримованы қорғауға ниет білдірмей отыр.

EEED122D-690F-4073-B3BC-9621075A68A2_cx0_cy10_cw0_w1023_r1_s

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

Өзбекстан билігі жақында елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы қамауда отырғаны туралы хабарды ресми түрде растады. Гүлнара Каримова “миллиардтаған доллар жымқырған” деп айыпталды.

Шілденің 28-і күні Өзбекстан бас прокуратурасының ұйымдасқан қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі басқармасы елдің бұрынғы президенті, марқұм Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың қамауда отырғаны туралы ресми мәлімдеме таратты. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, Гүлнара Каримоваға қылмыстық кодекстің “алаяқтық”, “шетелдік валютаны жасыру”, “кеден заңын бұзу” және “қылмыстық жолмен алынған табыстарын заңдастыру” баптары бойынша айыптар тағылған.

2014 жылы Ислам Каримовтың үлкен қызының басына іс түскенде әлеуметтік желіде құрылған #Гуливерлер атты топтың мыңдаған мүшесі “Гүлнара Каримова үшін жан беруге даярмыз” деп жазған еді.

Бірақ, жақында Өзбекстан бас прокуратурасы Каримованың қамауда отырғаны туралы хабарлаған кезде Озодлик тілшісі олардың ешбірімен хабарласа алмады.

Каримова құрған “Өзбекстанның мәдениет және өнер форумы” қорының бұрынғы баспасөз хатшысы Динара Дултаева бірнеше жыл бұрын Ислам Каримовтың үлкен қызын жан-тәнімен қорғайтын. Қазір Дултаева жақында құрылған Өзбекстанның Жастар одағының баспасөз хатшысы қызметін атқарып жүр. Озодлик тілшісі онымен телефон арқылы хабарласа алды, бірақ Гүлнара Каримова туралы сауал қойғанда Дултаева “no comment” деп, телефонын өшіріп тастады.

Өзбекстанның халық әртісі Юлдуз Усманова бұрын Гүлнара Каримованы қолдап, мақтаған адамдардың бірі. 2013 жылдың қарсаңында Усманова президенттің қызына арнап “Гулисан” деген ән жазған. Алайда ол да жақында Гүлнараға қатысты сауалға жауап бере алмайтынын айтыпты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Өзбекстанның көптеген әншісіне қолдау көрсеткен Гүлнара Каримова өзі де әнші болуға тырысты. Ол Googoosha атты сахналық бүркеншек атпен өнер көрсетті. 2012 жылы алғашқы музыкалық альбомын жарыққа шығарды. Оған ағылшын тіліндегі 12 әні енді.

Кейін интернетте Round Run және How Dare композицияларына түсірілген бейнебаяны жарияланды. Каримова орыс және өзбек тілдерінде де ән шырқады. Өзбек ақыны Усман Азимов бұрын Озодликке берген сұхбатында президент қызының өз сөзіне жазылған әндерді шырқайтынын мақтан тұтатынын айтқан.

“Енді бұл әндер классикалық өзбек әндерінің қазынасына енді. Оларды өзбек тілінде Каримовтың қызы шырқады. Мен бұған қатты қуаныштымын”, – деген еді ақын Усман Азимов.

Батыр Закиров, Мухаббат Шамаева және Наргис Байханова сынды әйгілі өзбек әншілерінің әндеріне музыка жазған сазгер Дилором Сайдаминова кезінде Каримованы “талантты әйел” деп атаған. “Гүлнараның музыкалық дискісі өте жақсы әндерден құралған. Гүлнара Каримова өте қабілетті, талантты әйел. Алла оған сондай қасиет берген”, – деген еді композитор.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан азаматы сергіп шығу үшін Ыстықкөл өзеніне көлігімен түсіп кетті

24 жастағы қыз өзінің 40-тан астам адамды зорлап өлтірген қанішер күйеуін ерекше сүйетінін айтты

67 жастағы әйел 40 жылдан бері жапан даладағы аралда жалғыз тұрады (фото)

2025 жылы біздің асүйіміз қандай болады (фото)

Талқылау