Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі. Біздің құрама айтулы додаға бірінші рет қатысып, жүлдеге ие болған алғашқы құрама команда атанды.

img (1)

Сурет prosportkz.kz сайтынан алынды

Қазақстандықтар ойын барысында 5-0 есебімен алға шыққан. Бірақ, ойын соңына қарай Сербиялықтар екі гол соғып есеп айырмасын қысқарта алды. Қазақстандықтар тарапынан Дуглас хет-трик жасаса, турнирдің үздік бомбардирлерінің (6) бірі Серік Жаманқұлов пен қақпашы Игита бір-бір доптан еншілеріне жазды. Ал матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Перич пен Слован Райчович Игита қақпасынан саңылау тапты.

Қола жүлде үшін Қазақстан құрамасы алаң иелері Сербиямен кездесті. Жартылай финалда сербтер Ресейден ұтылып қалған. Ал Қазақстан құрамасы Испанияға жол берген еді. Алайда, Қазақстан құрамасы ең сенімді әрі керемет өнер көрсеткен команда ретінде жанкүйерлер көңілінен шыққан. Ширек финалда Италия құрамасын жарыс жолынан шығарып тастап, сенсация жасаған еді.

Какау баптаған біздің ұжым, күллі Еуропаны тамаша ойын өрнегімен тәнтті етті. Финалда Ресей және Испания құрамалары кім мықтыны анықтайды.

Талқылау