Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшыларының киіміне бөлінген миллиондарды жымқырған клуб директоры сотталды

Миллиондап ақша жеген Мэлс Қошанов 5 жылға шартты түрде сотталды. «Каспий» футбол клубының директоры ойыншыларға киім тіктіруге және Түркияда жаттығу өткізуге бөлінген қаражаттың 3 миллион теңгесін жеп қойған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ампака

Ойыншыларға спорттық киім тіктіру үшін 6 миллион теңге бөлінгенімен, шын мәнінде 4 миллионы ғана жұмсалған. Қалғанын клуб директоры мен мердігер компания басшысы бөлісіп алыпты. Киім тігудің өзі де заңсыз екен. Өйткені қызмет көрсету құқығын басқа компания жеңіп алған. Ал Қошанов ол компаниямен арадағы келісім-шартты үзіп, өзіне қолайлы компанияның пайдасына жығып беріпті.

Одан бөлек, Түркияда жаттығу өткізу үшін футболшыларға бөлінген ақшадан 1 миллион теңге жырып алған. Құйтұрқылығын толық мойындаған ол өзі жымқырған 3 миллион 133 мың теңгені мемлекет қазынасына қайтарып берді. Бес жыл мерзімін түрмеде емес, шартты түрде ғана өткізуге осы әрекеті себеп болды. Ал футболшыларға киім тігу құқығын заңсыз иеленген компания басшысына қатысты бөлек қылмыстық іс қозғалған.

“Мемлекеттік мекемелердің арасындағы «Vt trade company» директорымен өзара сөз байласып, бөлінген 5 846 мың теңгені өздерінің 55 футболшыларға беретін киімдердің, соның ішінде 1 миллион 707 мың өзара бөлісіп алған. Осыған байланысты қылмыстық іс Карпинге қатысты бөлек сатыда сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу органдарымен жүргізіліп жатыр”, – дейді Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев.


Жіберіп алмаңыз:

Жеті айлық сәбиін сабаған келіншек аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Тұтқындағанда ақшасы аппаратпен 5 сағат саналған олигарх мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Қостанайда шлагбаумның кесірінен жедел жәрдем науқасқа көмек көрсете алмай қалды

Ақтөбеде “пәтер тонады” деген күдікті түрмеде аузын тігіп, аштық жариялап жатыр

Талқылау