Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшылар төрешіні пенальти тағайындағаны үшін ұрып-соқты (видео)

Индонезия чемпионатының екінші дивизионы аяқталарда «Гресик Юнайтед» пен «Персив Вамена» арасындағы ойын кезінде төреші қабылдаған шешімі үшін соққыға жығылды. Төрешінің пенальти тағайындағанына ашуланған футболшылар оған жұдырық ала жүгірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Футболшылар төрешіні пенальти тағайындағаны үшін ұрып-соқты

Кездесудің 90-минутында төреші «Вамена» қақпасына айыппұл салды. Алайда, төрешінің бұл шешіміне наразы болған ойыншылар оған шабуыл жасады. Олар судьяны жерге құлатып, тепкіледі. Төрешіге жасалған шабуылдан кейін екі ойыншы алаңнан аластатылды. Ал, футболшылардың ашулануына себеп болған пенальти қақпаға соғылды.

Ойын «Гресик Юнайтед» пайдасына 2: 1 есебімен аяқталды. Индонезия чемпионатының екінші дивизионында команда 16 ұпаймен оныншы орын алады. Оның қарсыласы «Персив Вамена» клубы жеті ұпай жинады және есеп бойынша он екінші орнында тұр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау