Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы Самат Смақов Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетпек

Футболдан Қазақстан құрамасы мен “Ақтөбе” футбол клубының экс-капитаны Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек бермек.

самат

Бұл туралы “Ақтөбе” футбол клубының Инстаграмдағы ресми парақшасы хабарлады.

“Біздің ауыспайтын капитанымыз Самат Смақов Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай кезінде сырт қалмады. Ол берген көмек жақын арада тұрғындарға жеткізілмек. Самат біздің облыс халқына бірінші рет қол ұшын созып отырған жоқ. Оның жомарттық әрекеттері туралы бұған дейін де хабарлаған едік. Үлкен жүректі адам! Ол жарнамаламауды сұраған, бұл толықтай біздің бастамамыз”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 16 сәуірде су тасқынына байланысты Ақтөбе облысында төтенше жағдай жарияланды.

Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында мыңннан астам баспана судың астында қалды. Қауіпті аймақ қатарына Шығыс Қазақстан облысы да қосылуы мүмкін. Ал тасқын салдарынан қазір үш өңірде: Қарағанды, Жезқазған, Қостанайда жол жабық.

“Су тасқыны салдарынан облыстық жолдарға да зиян келді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық жолды байланыстырып тұрған көпір құлады. Бірқатар республикалық трассаларда қозғалыс тоқтатылды”, – деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

Бұған дейін Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақмола облысында тасқын судың балалар мінген автобусты ағызып әкеткені де жарияланған.

Оқи отырыңыз:

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Башқұрт қызы: Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытатын ұстаз болуды армандаймын

Талқылау