Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы Пабло Освальдо музыка үшін футболдағы мансабын аяқтады

Италиялық футболшы Пабло Освальдо музыка үшін футболдағы кәсіби мансабын аяқтады.

6

Фото: sport-express.ru

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

30 жастағы шабуылшының соңғы клубы аргентиналық “Бока Хуниорс” болды. Ол бұл клуб сапынан еркін агент ретінде кеткен болатын. Спортшы италиялық “Кьево” және “Пескара” клубтарымен келісім-шартқа отыра алмағаннан кейін кәсіби мансабын аяқтауды дұрыс деп тапқан. Енді ол өзінің музыкалық тобы қатарында өнер көрсетпек.

Освальдо бұған дейін “Эспаньол”, “Болонья”, “Рома”, “Саутгемптон”, “Ювентус”, “Интер” және “Порту” секілді алпауыт клубтар қатарында ойнап, жанкүйерлердің сүйікті футболшысына айналған.

Ол әртүрлі командалар сапында Италия чемпионатында 124 матчқа қатысып, 41 гол соғып, 13 рет нәтижелі пас берген. Ал Испания чемпионатындағы 44 матчта 20 голды өз еншісіне жазған.

Шабуылшы ұлттық құрама сапында алғаш рет 2011 жылы ойнап, 14 кездесуге шығып, 4 мәрте көзге түсті.

Талқылау