Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболшы қарсылас команданың қақпашысын ажалдан құтқарып қалды (видео)

Футболдан Чехия чемпионатының 18-турында оқыс оқиға орын алып, абырой болғанда бәрі сәтті аяқталды.

fot_vs

“Богемианс 1905” командасының қақпашысы Мартина Берковец жарыс кезінде өз қорғаушысымен соқтығысып, есінен танып құлап түседі. Тұншығып қала жаздаған қақпашыға бірінші болып қарсылас “Словацко” командасының шабуылшысы Франсис Коне келіп, көмек көрсеткен.

Ойыншының жанына дереу келген дәрігерлер қақпашыны ауруханаға алып кеткен. Ал түні бойы ем қабылдаған Берковец таңертең әлеуметтік желі арқылы Конеге алғыс айтқан. 25 ақпан күні өткен кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Оқи отырыңыз:

Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қоласын еншіледі

Америкалық Қанат Исламға Головкиннен үлгі алуға кеңес берді

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

Талқылау