Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан ұлттық құрама бас бапкерінің есімі белгілі болмақ

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкерінің есімін қаңтардың соңына дейін жарияламақ. Бұл туралы ҚФФ-ның ресми сайтында хабарланды.

1385489403_hosep-gvardiola

Бапкерлерді таңдауға байланысты ұйымдастырылған дауыс берудің екінші туры болмайды. Бұған себеп, 28 желтоқсаннан басталған дауыс берудің бірінші кезеңіне өте аз адамның қатысуы болып отыр.

Дауыс берудің қорытындысы, егер қатысушылардың саны 50 мың адамнан кем болмағанда есепке алынатын болып келісілген. 18 күннің ішінде бапкер таңдауға байланысты бар болғаны 2600 адам ғана өз пікірін білдірген. Оның 1755-і шетелдік мамандарды таңдауды дұрыс деп тапса, 845 адам ғана отандық бапкерлерге үміт артқанды жөн санайды екен.

Талқылау