Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Түркия чемпионатында жанкүйер төрешіні төбеледі (видео)

Түркиялық “Трабзонспор” клубының жанкүйері “Фенербахчеге” қарсы ойында төрешіге шабуыл жасады.

Безымянный

Бұл туралы “Р-Спорт” хабарлайды.

Жексенбі күні “Трабзонспор” өз алаңында “Фенербахчені” қабылдаған болатын. Ойынның соңында алаң иелері 4:0 есебімен ұтылып жатқан. Төрешінің қызметіне риза емес жанкүйер қосымша уақытта алаңға жүгіріп шығып арбитр Волкан Баярсланды қолымен де, аяғымен де төпелеп ұрып тастады. Осыдан соң-ақ трибунада да шу басталып, матч тоқтатылды.

Чемпионатта “Трабзонспорт” 26 матч өткізіп 37 ұпаймен 11-ші орында келе жатыр. Ал “Фенербахче” 64 ұпаймен турнир кестесінің 2-ші сатысында тұр.

Талқылау