Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері бүгін Астанада өткен арнайы баспасөз мәслихатында таныстырылды.

5731e86630d49

Сурет kazfootball.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Енді футболдан Қазақстан құрамасын отандық маман Талғат Байсуфинов баптайтын болды. Ол бұған дейін бірнеше ай бойы бас бапкердің міндетін атқарушы қызметінде болған еді. Осылайша Байсуфинов Қазақстан футболының тарихындағы 13-ші бас бапкер.

Бұл жылы Байсуфинов Нүркен Мазбаевпен бірге бас бапкердің міндетін атқарушы қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде ол үш жолдастық кездесу өткізіп, екі жеңіске жетіп (Қытай мен Әзірбайжан), бір матчта (Грузия) тең түсті. Байсуфиновтың басшылығымен Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айында 2018 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайтын болады.

Талқылау