Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан-Қытай матчына билеттердің бағасы 5 мың теңгеден қымбат

7 маусым күні Dalian Sports Center стадионында Қазақстан мен Қытай құрамаларының футболдан жолдастық матчы өтеді.

image19444805_81a4bf134800d4af03e770a39afada64

Сурет fanatik.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Далянда өтетін Қытай мен Қазақстанның ұлттық футбол құрамаларының жолдастық матчына кіру бағасы ондағы орындарға байланысты, 100, 200 және 300 юань тұрады. Ойынды VIP орындардан көру 580 юаньға бағаланып отыр.

Осылайша, ҚР Ұлттық банкінің бүгінгі күнгі бағамына сәйкес, қытайлықтардың қазақстандықтармен ойынына билеттер бір данасы үшін 5 133, 10 266 және 15 399 теңгеге сатылып жатыр, VIP орын үшін 29 771 теңге төлеу керек.

Талқылау